Жетекші көзқарасы: Иранның айбынды жолын жалғастыру қажет
(last modified Thu, 26 Oct 2017 12:22:02 GMT )
Қаз 26, 2017 18:22 Asia/Almaty
  • Жетекші көзқарасы: Иранның айбынды жолын жалғастыру қажет

Ислам революциясының жетекшісі сәрсенбі күні ИИР армиясына қарасты әскери университеттердің студенттерінің оқу бітіру рәсімінде: «Иранның қорғаныс қабілеті ешбір жағдайда келіссөз бен саудаға салынбайды»,-деп қуаттады.

Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи осы рәсімде үстемшіл күштердің Иранның қорғаныс қабілетіне қарсылығына тоқталып: «Иранның қорғаныс мүмкіндіктері мен күші келіссөз бен мәмілеге жатпайды. Қорғаныс құралдары мен Иранның ұлттық айбынын қамтамасыз ететін немесе оған қолдау көрсететін барлық нәрсеге қатысты дұшпанмен ешқандай мәміле жасамаймыз»,-деді.

Ислам революциясының жетекшісі үстемшіл алпауыттардың Иранның аймақтық айбынына алаңдаулы әрі ашулы екенін айтып: «Ислам жүйесінің дұшпандары Иранның ұлттық айбынын құрайтын элементтерді өздеріне кедергі санап, онымен күреседі. Сол себепті халықтар арасында және аймақ пен аймақтан тыс жерлерде ИИР-ның күш-қуатының артуына қарсы. Өйткені, бұл айбын – ислам жүйесінің стратегиялық тереңдігі»,-деп сөзін жалғады.

Қорғаныс қабілеті – әрбір елдің қуатын нығайтудағы маңызды тақырып әрі айбынын арттырудағы маңызды құралдардың бірі.  Осы аяда ИИР Ислам революциясы жеңіске жеткеннен кейін дұшпандықтар жалғасып, 8 жылдық соғысты бастан өткеруіне байланысты өзінің қорғаныс қабілеті мен күш-қуат элементтерін нығайтып алды.  Бұл жолда Иран  жергілікті білімге арқа сүйеп, өзінің әскери-қорғаныстық мүмкіндіктерін әралуандандырды. Осы мүмкіндіктердің ең маңыздысы әрі әсерлісі – Иранның зымырандық қабілеті. Иран Қарулы күштерінің жиынтығы, соның ішінде армия, Ислам революциясының Сақшылар корпусы, Тәртіп сақтау күштері мен халықтық ерікті күштер Иранның айбынын құрайды.  Осы арада Ислам революциясы Сақшылар корпусының рөлі Иранның зымырандық қуатын нығайтуына байланысты ерекше әсерлі. Зымырандық қорғаныстың тежегіш қуаты ИИР-ын әскери алпауыттардың қатарына қосты. Осы аяда Ислам революциясы Сақшылар корпусының әуе-ғарыш күштерінің қолбасшысы бригада генералы Амирәли Хаджизаде: «Иранның Қарулы күштері әлемдік классификацияда жетінші алпауыт саналады»,-деді.

Бұл құдірет Иранның дұшпандардың үздіксіз қоқан-лоққыларына қарсы тежегіш қуаты мен Иранның Таяу Шығыстағы стратегиялық тереңдігі аясында мән-мағынаға ие болады. Осындай жағдайда Иранның әскери-қорғаныстық қабілеті дипломатиялық келіссөздер мен байланыстардың ықпалында қалмайды. ИИР америкалықтардың «Ортақ қадам» жан‑жақты бағдарламасы аясында жасаған жоспарларының тұтқынына айналмайды. Америкалықтар  еуропалықтармен жұмысты бөліп алып, Иранның зымырандық бағдарламасын талқыға салу үшін өзінің серіктестерін «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын бұзатын және аймаққа қауіп-қатер төндіретін жайттарға жақтастырғысы келеді. Алайда Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зарифң «The New Yorker» америкалық басылымына берген сұхбатында айтқандай, «Иранның зымырандық және қорғаныстық қуаты сақталады. Иранның баллистикалық зымырандары ядролық қаруды тасымалдау үшін жобаланбаған». 

Америкалықтар Иранның баллистикалық зымырандары сынағын «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының рухына қайшы санап, осыны сылтауратып, АҚШ Сенаты осы елдің аталмыш бағдарламаға қатысты міндеттемелеріне жаңа шарттар белгілеуге талпынып жатыр. Осы жолда Иранның атом қуаты саласына қайтадан санкция салуды күн тәртібіне қойып отыр. «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасында Иранның зымырандық бағдарламасына ешқандай шектеу қойылмаған. Тіпті, бұл келісімде Иранның өз зымырандық қабілеті жайлы сұхбаттасуы керектігі жайлы да айтылмаған. Сондықтан, Иран қысымдар мен әртүрлі жобаларға қарамастан, өзінің ұлттық айбынын нығайту жолында бар күш-қуатымен ілгерілей береді.