Қаз 27, 2017 22:02 Asia/Almaty
  • Рухани: Иран лаңкестікпен күрес жолында Ирак үкіметі мен халқының жанынан табылады

Иран президенті Ирак халқының үздіксіз күресі мен жанкештілігін, жауапты тұлғалардың басқаруы мен діни жетекшінің парасатты кеңестерін қиындықтарды шешуде өте маңызды деп атап: "Иран лаңкестікпен күрес және Ирактың бірлігін нығайтып, оның территориялық біртұтастығын сақтау жолында әрдайым бұл елдің үкіметі мен халқының жанынан табылып келеді",- деді.

Хасан Рухани бейсенбі күні Ирак премьер-министрі Хайдар әл-Абадимен Теһранда өткен кездесуінде Орталық үкіметтің қақтығыссыз және осы аймақ халқының ұлттық құқықтарына назар аударып, Ирактың Күрдістан аймағы мәселесіне қатысты парасатты әрекетін маңызды деп атап: "Лаңкестікпен және Ирактың ұлттық бірлігі мен территориялық біртұтастығына нұқсан келтіретін бөлінуді талап ету әдістерімен күресу жалғасуы тиіс",- деді.

Ирак премьер-министрі кездесуде Ирак пен Иран қарым-қатынастарын достыққа негізделген берік қатынастар деп атап, Иран мен Ирактың жан-жақты қатынастары мен ынтымақтастығын кеңейту қажеттігін қуаттады.

Хайдар әл-Абади сондай-ақ Ирактағы территориялық біртұтастық пен Орталық үкіметтің билігін сақтау қажеттігін қуаттап: "Ирак халқы ынтымағын сақтай отырып, бұл елге қарсы жоспарланған қастандық әрекеттерге қарсы табандылық танытуы тиіс",- деп баса айтты.

 

Тегтер