Теһран жұма намазының құтпалары
Теһран жұма намазының құтпагері Иран халқының үстемшіл жүйенің талап-тілектерінің алдында тізе бүкпейтінін қуаттады.
Теһран жұма намазының құтпагері аятолла Ахмад Хатами АҚШ-тың президенттік сайлаудағы үміткерлерінің Иранға қарсы қоқан-лоққылары туралы: "АҚШ үкіметі әрдайым өз міндеттерін бұзып келеді. Үстемшіл әлемге қарсы тұрудың жалғыз жолы – табандылық. Батыс пен АҚШ-қа үміттену қателік. Себебі америкалықтар Иранға қарсы жаңа санкция салу туралы сөз қозғауда" деді.
Аятолла Хатами сионистік режимнің аймақтағы және палестиналықтарға қарсы қылмыстарын айыптап: "Бұл қылмыскер режим. Діни жетекшінің айтуынша, алдағы 25 жылдың ішінде Израильдің көзі жойылады" деді.
Теһран жұма намазының құтпагері Брюссельдегі лаңкестік әрекеттер туралы айтқан сөзінде ИИР-ның әлемнің кез келген жеріндегі лаңкестік әрекеттерді айыптайтынын қуаттады. Ол Батыстың Сирия мен Ирактағы лаңкестікке қатысты екіұшты көзқарасын сынап, бұл көзқарастың апат тудыратынын, сондықтан, лаңкестердің батыстықтардың өздеріне қауіп төндіріп отырғанын айтты.
Теһран жұма намазының құтпагері сонымен қатар Ислам Революциясы жетекшісінің 1395-ші жылды «Қарсыласу экономикасы: әрекет және ғамал» деп атауына тоқталып: "Қарсыласу экономикасы – Иран экономикасының дұшпандар соққы бере алмайтын деңгейге жетуі деген сөз" деді.