Адмирал Сайяри: Аймақта қауіпсіздік орнату үшін бөгделер қажет емес
(last modified Sun, 29 Oct 2017 11:22:49 GMT )
Қаз 29, 2017 17:22 Asia/Almaty
  • Адмирал Сайяри: Аймақта қауіпсіздік орнату үшін бөгделер қажет емес

ИИР Армиясы Теңіз күштерінің қолбасшысы аймақтың қауіпсіздігін аймақ елдерінің өздері қамтамасыз етуі керектігін қуаттады.

Адмирал Хабибулла Сайяри сенбі күні кешке Иранның Бірінші арнасының "Бір көзқарас" бағдарламасына берген сұхбатында: "Иран армиясының Теңіз күштері мен Ислам революциясының Сақшылар корпусы Парсы шығанағы мен Оман теңізі аймағының қауіпсіздігін қамтамасыз ете алады. Қауіпсіздік орнату сылтауымен аймаққа келетін бөгде күштердің көмегіне еш қажеттілік жоқ",-деді.

ИИР армиясы Теңіз күштерінің  қолбасшысы бөгде елдердің аймақтың тынышсыздығына себеп болатынын айтып: "ИИР трансаймақтық еркін сулар саналатын Аден шығанағы мен Баб-эль-Мандеб бұғазында қауіпсіздікті қамтамасыз етумен айналысып жатыр. Америкалықтар Аден шығанағында өз мүдделерін күйттеп, аймақтағы тынышсыздықтарға қолдау көрсетіп отыр,  өйткені бұл тынышсыздықтарды өздерінің сол аймақта болуының дәлелі санап, Баб-эль-Мандеб бұғазын бақылауда ұстау арқылы әртүрлі аймақтарда тәкфирлік топтарды құрады",-деді.