Рухани: Ресей – Иранның стратегиялық серіктесі
ИИР Президенті Ресейді көршілес дос ел әрі стратегиялық серіктес деп атап: «Теһранның ерік-жігері – Мәскеумен қарым қатынас пен әріптестікті жан-жақты дамыту және нығайту»,-деп қуаттады.
ИИР Президенті Хасан Рухани сәрсенбі күні Теһранда РФ Президенті Владимир Путинмен кездесіп, екі елдің сауда-экономикалық байланыстары мен әріптестіктерін дамытудың маңыздылығын қуаттап: «Иран Ресей инвесторлары мен жеке секторының маңызды инфрақұрылымдық жобаларға, соның ішінде темір жол желілері мен «Солтүстік-Оңтүстік» дәлізін дамытуға қатысып, әріптестік жасау үшін белсенділік танытуын қолдайды»,-деді.
ИИР Президенті Астана келіссөздерінің үдерісіне тоқталып, Иран мен Ресейдің әртүрлі мәселелер мен дағдарыстарды шешу жолындағы көпжақты, аймақтық және халықаралық әріптестіктерін маңызды деп атап: «Иран аймақтағы тұрақсыздықты барлық елдер үшін зиянды санайтындықтан аймақта тұрақтылық пен қауіпсіздіктің дамуын қолдайды»,-деді.
Владимир Путин осы кездесуде: «Иран – Ресейдің көршісі әрі стратегиялық серіктесі. Екі ел екіжақты қарым-қатынас пен әріптестіктерді дамыту үшін қажет өте көп ортақ мүдделерге ие»,-деді.
РФ Президенті «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын әлемдік бейбітшілік пен тұрақтылық аясындағы келісім деп атап: ««Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын біржақты негізде бұзуды қандай сылтау болса да, қабылдауға болмайды. Бұл бағдарламаның Иранның қорғаныс және зымырандық мәселелеріне еш қатысы жоқ»,-деді.