Жетекші көзқарасы: Иранның жеңіске жетуінің жалғыз жолы АҚШ-қа қарсы табандылық танытуда
(last modified Fri, 03 Nov 2017 16:17:53 GMT )
Қар 03, 2017 22:17 Asia/Almaty
  • Жетекші көзқарасы: Иранның жеңіске жетуінің жалғыз жолы АҚШ-қа қарсы табандылық танытуда

Ислам революциясының жетекшісі АҚШ-тың Иран халқына қарсы қылмыстары мен дұшпандығына тоқталып: "Америкалықтардың алдында кейін шегіну оларды одан бетер батылдандыра түседі. Сондықтан, жалғыз жол – қарсы тұру мен табандылық танытуда",- деп қуаттады.

Иран Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи бейсенбі күні таңертең  әлемдік үстемділікпен күрестің ұлттық күні –абанның он үшіне байланысты мыңдаған жалынды жастарды – оқушылар мен студенттерді қабылдауында сөйлеген сөзінде: «Иран халқының негізгі әрі қас дұшпаны, яғни АҚШ-ты тану, ғылыммен айналысып, еңбек етіп, пен талпыныс жасау және Жаратушымен қарым-қатынасты нығайту Иранды қиындықтардан өткізіп, сындарлы жағдайға жеткізеді»,- деді.

Ислам революциясының жетекшісі дұшпанды тануды жүйе мен халықтың мақсаттарына жетудің негізгі шарты ретінде атап: «АҚШ осы сөздің шынайы мағынасында негізгі әрі қас дұшпан саналады. Бұл шындық соқыр сенім мен теріс көзқарастан емес, тәжірибе, мәселелерді дұрыс түсіну және майдан шындықтарын дұрыс байқаудан туындап отыр",- деді. Ислам революциясының жеңіске жетуімен АҚШ-тың Иранға қарсы дұшпандығы әшкереленіп, әртүрлі тәсілдермен жалғасты. Ислам революциясының шамамен 40 жылдық тәжірибесі Иранның дана халқы үшін АҚШ-тың негізгі дұшпан және оған сенім артуға болмайтынын дәлелдеді. Ислам революциясы жеңісінің бірінші жылында дұшпанды нақты тану Теһрандағы АҚШ-тың тыңшылық ұясының жойылуына себеп болды.

Осыдан 38 жыл бұрын хиджри шамси күнтізбесінің 1358 жылының абан айының он үші күні, сәйкесінше милади жыл санағы бойынша 1979 жылдың қараша айының төрті күні Иран студенттері АҚШ-тың Ислам революциясына қарсы көптеген қастықтарына наразылық білдіріп, Теһрандағы АҚШ-тың «тыңшылық ұясын», яғни елшілігін басып алды. Бұл әрекет дұшпанды нақты танудың белгісі болды. Ислам революциясының алғашқы күндерінен Иранның жастары мен жасөспірімдері америкалықтардың дұшпандығы мен қастығын түсінді. Бүгін де Ислам революциясының жеңісінен шамамен 40 жыл өткен кезде америкалықтардың әртүрлі салалардағы Иран халқына қарсы дұшпандығы әшкереленіп, екі есе артты.

АҚШ Президенті Дональд Трамптың елінің Иранға қатысты стратегиясын жариялаған кезде айтқан сөзі АҚШ-тың Иран халқына қарсы дұшпандығын көрсетті. Бірнеше ғасырлық тарих пен әлемдік өркениет пен  мәдениетке ие Иран халқын "лаңкес" деп атауы АҚШ-тың Иран халқына дұшпандығын білдіргендігінің белгісі. Иранның бүгінгі халқы – Ислам революциясының көшеті егілген кезде АҚШ-тың қастандықтарын жойған кешегі буынның жалғасы. Бүгінде сол көшет тамырын тереңге жайған мықты ағашқа айналды. АҚШ-тың Иран халқына дұшпандық білдіруінің негізгі себебі бұл халықтың еш уақытта дұшпанның қастықтарына мойынсұнбай, табандылық танытуына байланысты.  Хазірет АҚШ президентінің "Иран халқы – лаңкес" деген айыпқа негізделген жуырдағы сөздеріне тоқталып: "Мұндай ақымақтық сөздер америкалықтардың тек Иранның жетекшісі және үкіметімен дұшпандығын ғана көрсетіп қоймай, оларға қарсы  табандылық танытқан ұлттың негізгі болмысына қастық пен өшпенділік танытып жатқанын көрсетіп отыр",- деді.

Америкалықтар сырт көзге өздерін Иран халқының қасында көрсетуге талпыныс жасады. Бірақ, шындық басқаша. Дональд Трамптың Парсы шығанағы үшін жалған атауды пайдаланып, Иран халқын лаңкес деп атауы Иран халқының, әсіресе елдің жастарының алдында америкалықтардың қулығын дәлелдеді. АҚШ-тың халықаралық келісім "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелерін орындамауы АҚШ-тың алаяқ екенін көрсетті. Ислам революциясының жеңісінен басталған әрекеттердің жалғасында америкалықтар сегіз жылдық соғыста Саддам режимін қолдады. Содан соң халық пен жүйенің арасында қайшылық тудыру үшін заңсыз көптеген санкция салды. Бірақ, діни жетекшінің пікіріне сәйкес, дұшпан еш уақытта өз мақсатына жете алмайды.