Лаңкестермен қақтығыста сегіз ирандық шекарашы шәһид болды
Иранның солтүстік-батысында орналасқан Батыс Әзірбайжан облысы әкімінің саяси-қауіпсіздік істер жөніндегі орынбасары Алиреза Радфар осы облыстың Чалдаран қалашығында орын алған лаңкестермен қақтығыс кезінде сегіз ирандық шекарашының шәһид болғаны туралы хабарлап,
қақтығыстың жұма күні кешке шекараның нөлдік нүктесінде орын алып, нәтижесінде лаңкестерге ауыр шығын келтірілгенін айтты.
Мамырдың жиырма сегізі күні Батыс Әзірбайжан облысындағы Урумие қаласында ирандық шекарашылардың "Күрдістандағы азат өмір" партиясы (PJAK) атты революцияға қарсы лаңкестік топпен қақтығыс кезінде екі ирандық шекарашы қаза болған еді.
"Күрдістандағы азат өмір" партиясы аймақ пен Иранда лаңкестік әрекеттерді жүзеге асыру үшін "Күрдістандағы жұмысшылар партиясы" (PKK) лаңкестік тобы тарапынан құрылған қаруланған лаңкестік топ саналады.
АҚШ, сионистік режим мен Ұлыбритания Иран Ислам Республикасына қарсы өз мақсаттарын ілгерілету үшін әрдайым PJAK, "Мұнафеқин" және ревоюцияға қарсы басқа да лаңкестік топтарды құрал ретінде пайдаланып келеді.