Рухани: Иран Пәкістанмен әскери ынтымақтастықтарды арттыруды қолдайды
https://itolqyn.com/news/iran-i32134
ИИР Президенті Пәкістан армиясы қолбасшысымен кездесуінде аймақтағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайту саласында Теһран-Исламабад арасындағы қорғаныс және әскери ынтымақтастықтарды арттыруға қолдау танытты.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қар 07, 2017 14:45 Asia/Almaty
  • Рухани: Иран Пәкістанмен әскери ынтымақтастықтарды арттыруды қолдайды

ИИР Президенті Пәкістан армиясы қолбасшысымен кездесуінде аймақтағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайту саласында Теһран-Исламабад арасындағы қорғаныс және әскери ынтымақтастықтарды арттыруға қолдау танытты.

Хасан Рухани дүйсенбі күні Теһранда Пәкістан армиясының  қолбасшысы  Ғамар Джавед Баджвамен кездесуінде: "Иран мен Пәкістан үкіметтерінің қарулы күштері арасындағы ынтымақтастықтарды арттыру жігері бойынша бұл ынтымақтастықтар ортақ жаттығулар мен білім беруді дамыту арқылы әскери өнеркәсіп пен тәжірибе алмасудағы ортақ ынтымақтастықтарды арттыра алады",- деді

Иран Президенті лаңкестік пен мазхабаралық және ұлтаралық қайшылықтарды ислам әлемінің бүгінгі екі мәселесі деп атап: "Егер мұсылмандар арасында бірлік пен бауырластық артса, ислам елдері басқалардың қатысуынсыз өз мәселелерін шеше алады",- деп қуаттады.

Пәкістан армиясының  қолбасшысы  Ғамар Джавед Баджва да бұл кездесуде Иран мен Пәкістанды тамыр тереңге бойлаған қарым-қатынастарға ие деп атап: "Исламабад Теһранмен әскери және қорғаныс салаларындағы ынтымақтастықтарын кеңейткісі келеді. Кейбір исламдық елдердің арасындағы қайшылықтар келіссөздер арқылы шешіліп, Батыс мемлекеттеріне өз қару-жарағын сату мақсатында қайшылықтарды өршітуге рұқсат бермеген жөн",- деді.