Джахангири: Иран – Еуроодақ үшін өте сенімді серік
ИИР Вице-президенті: «Теһран – Еуроодақ үшін өте сенімді серік. Бұл одақ Иранмен әріптестік жасауға ерекше үміт арта алады»,-деп қуаттады.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, ИИР-ның Вице-президенті Исхақ Джахангири сенбі күні түстен кейін Теһранда Еуроодақтың ауыл шаруашылығы және ауылды дамыту комиссары Фил Хоганмен кездесіп, Иранда тұрақтылық, тыныштық пен қауіпсіздіктің өте жақсы сақталғанын айтып: «Зор әлеуеттер негізінде Иран мен Еуроодақ екіжақты әріптестік жасау үшін құны ондаған миллиард долларды құрайтын ортақ жобаларға ие»,-деді.
Джахангири Иран мен Еуроодаққа мүше елдердің қарым-қатынасын кеңейту жолындағы ең маңызды кедергіні АҚШ-тың, әсіресе осы елдің Президенті Дональд Трамптың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қатысты кеңістік тудыруы деп атап: «Теһран «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын бұзғысы келетін тараптарға Еуроодақтың қатаң түрде қарсы тұратындығына үміттенеді»,-деді. Фил Хоган да осы кездесуде Еуроодақтың Иранның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру туралы өтінішін қолдайтынын жариялап: «Еуроодақ Трамптың АҚШ-та «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын жою үшін қолданып жатқан шараларын қабылдамайды»,-деді.