Зареан: Иранда ауыр су өндіру үдерісі тоқтатылған жоқ
(last modified Sun, 12 Nov 2017 09:43:16 GMT )
Қар 12, 2017 15:43 Asia/Almaty
  • Зареан: Иранда ауыр су өндіру үдерісі тоқтатылған жоқ

ИИР Атом қуаты ұйымы басшысының кеңесшісі: «Иранның Арак облысында ауыр су 20 тонна көлемінде өндіріліп жатыр және бұл үдеріс тоқтатылған жоқ»,-деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша,  Әли Асқар Зареан сенбі күні Шаһрекүрд қаласындағы имам Хомейни (р.) атындағы конференц-залында «Азат» исламдық университеті студенттерінің алдында сөйлеген сөзінде: «Ядролық келіссөздер барысында Арактағы IR4 О реакторының суын жеңіл суға айналдыруға талпыныстар жасалды, алайда олар мұны істей алмады. Қазір ауыр суды сақтаумен қоса, Арак реакторы IR2 О-ға айналдырылып, жылына 1,5 тонна плутоний өндіретін болады»,-деді.

ИИР Атом қуаты ұйымының басшысы кеңесшісінің айтуы бойынша, Арак ауыр су зауытымен қоса, қытайлар мен америкалықтардың көмегімен IR4 О реакторын қайта жобалау ісі басталды. Оның тұжырымдамалық жобасы аяқталып, егжей-тегжейін жобалау кезеңіне аяқ басты.

Бұдан бұрын Әли Асқар Зареан Шаһрекүрд қаласында Иранның ядролық өнеркәсібіндегі жетістіктеріне арналған төртінші көрменің аясында тілшілерге берген сұхбатында ИИР-ның ядролық батареялар шығару технологиясына қол жеткізіп, осы саладағы өндірушілердің қатарына қосылғанын айтқан болатын.