Ғасеми: Иранды айыптайтын кезең аяқталды
ИИР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы бахрейндік басшылардың Иранның Бахрейннің мұнай құбырының жарылуына қатысты болуы туралы негізсіз уәждерін айыптады.
Бахрейн Сыртқы істер министрі шейх Халед бен Ахмад әл-Халифа сенбі күні Бахрейннің мұнай құбырының жарылысын Ираннан көрді.
Бахрейн мұнайын таымалдайтын негізгі құбыр жұма күні сол елдің орталығында жарылып, өртенді.
Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Баһрам Ғасеми жексенбі күні: "Әр оқиғадан кейін бахрейндік басшылардың бітіретін ісі – Иранды айыптау. Олар мұндай негізсіз уәждер мен өтірік айтатын және айыптайтын кезеңнің аяқталғанын білгені жөн. Иран әрқашан көршілес барлық елдердің тұрақтылығы мен қауіпсіздігін өзінің тұрақтылығы мен қауіпсіздігі деп санап келді. Бұл негізге әлі де табанды",- деді.