Иранның батысында зілзаладан жапа шеккендер үшін далалық госпитальдар ашылды
(last modified Thu, 16 Nov 2017 15:26:27 GMT )
Қар 16, 2017 21:26 Asia/Almaty
  • Иранның батысында зілзаладан жапа шеккендер үшін далалық госпитальдар ашылды

ИИР-ның Сақшылар корпусының құрлық күштері қолбасшысының үйлестіру істері жөніндегі орынбасары Иранның батысында Сақшылар корпусының құрлық күштеріне қарасты далалық госпитальдардың зілзаладан зардап шеккендерге көбірек көмектесу мақсатында ашылғанын мәлімдеді.

Иранның батысында жексенбі күні кешке Рихтер бағамы бойынша 7,3 балдық жерсілкінісі орын алды. Осы уақытқа дейін зілзала салдарынан 432 адам қаза тауып, 9388 адам жараланды.

Sepah News агенттігінің мәлімдеуінше, бригада генералы Әли Акбар Бурджамшидиан бейсенбі күні: "Осы уақытқа дейін Керманшаһ, Батыс Исламабад, Джаванруд, Езгалу және Сарпол Захаб өңірлерінде зардап шеккендерге көмек көрсету мақсатында алты далалық госпиталь ашылып, науқастарға қызмет көрсетіп жатыр. Бүгінге дейін Ислам революциясының Сақшылар корпусына қарасты Иранның батысындағы емханаларда жүздеген адамға көмек көрсетілді. Қызмет көрсету жұмыстары әлі жалғасуда" деді.

Осындай жағдайда ошағы Әзірбайжан республикасында болған Рихтер бағамы бойынша 5,4 балдық жер сілікінісі сәрсенбі күні кешке Иранның солтүстік-батысындағы Ардебил облысына да жетті. Зілзалада 6 адам жарақат алды.