Велаяти: ДАИШ-тың жойылуына байланысты қолдаушылары аймақта жаңа жобаларды іске асыруды көздеуде
(last modified Tue, 21 Nov 2017 09:13:07 GMT )
Қар 21, 2017 15:13 Asia/Almaty
  • Велаяти: ДАИШ-тың жойылуына байланысты қолдаушылары аймақта жаңа жобаларды іске асыруды көздеуде

Иран Ислам революциясы жетекшісінің халықаралық істер жөніндегі кеңесшісі: "ДАИШ-тың жойылуына байланысты осы лаңкестік топты құрушылар мен оның қолдаушылары аймақта жаңа жобаларды іске асыруды көздеуде",- деп баса айтты.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметіне сәйкес, Әлиакбар Велаяти дүйсенбі күні кешке Иран теледидарының бірінші арнасына берген сұхбатта Сирияның Букамал қаласындағы қарсыласу күштерінің жеңіске жетуімен құттықтап, Сириядағы соғыстың нағыз мұсылмандардың жеңісімен аяқталғанын қуаттады.

Велаяти АҚШ пен оның одақтастарының Иранның зымырандық бағдарламасы мен аймақтағы құзыры туралы мәселелерді көтеруіне тоқталып: "Батыстықтар мен олардың аймақтағы одақтастары ИИР-на қоқан-лоққы жасап, әлсіретпек.

Батыстықтар бұл жобаны іске асырып, мазхабаралық қайшылықтар тудырып, шекараларды бұзып, сионистік режимнің қауіпсіздігін қамтамасыз еткісі келді. ИИР  Ислам революциясы жетекшісінің қырағылығымен дұшпанның қастықтарын залалсыздандырды",- деді.