Лариджани: ДАИШ-тің жеңілісі әлем халықтары үшін қауіпсіздік пен тұрақтылық қалыптастырады
(last modified Tue, 21 Nov 2017 15:42:45 GMT )
Қар 21, 2017 21:42 Asia/Almaty
  • Лариджани: ДАИШ-тің жеңілісі әлем халықтары үшін қауіпсіздік пен тұрақтылық қалыптастырады

Иранның Исламдық Кеңес Мәжілісінің төрағасы Ирак пен Сирия халықтарының табандылығы мен Иранның серіктестігінің арқасында ДАИШ-тің жойылуының бүкіл әлем халқына, әсіресе аймақ елдері үшін қауіпсіздік пен тұрақтылық қалыптастыратынын қуаттады.

Бүгін сейсенбі күні таңертең парламенттік жоғары деңгейлі делегацияны бастап Азия парламенттері ассамблеясына қатысу үшін Түркияның Стамбұл қаласына келген Иранның Исламдық Кеңес мәжілісінің төрағасы Иран Телерадио ұйымының тілшісіне берген сұхбатта: «Соңғы жылдары Иранның басшылығымен лаңкестікпен күресте жасалған әрекеттер лаңкестерге өте қатты соққы берді» деді.

Лариджани Сирия мен Иракта ДАИШ-пен күрестегі жуырдағы жеңістерді Иран үшін үлкен жетістік деп атап: «ИИР-ның кейбір кезеңдерде тіпті жалғыз өзінің ДАИШ-пен күрестің жауапкершілігін иығына көтергеніне алты жыл болды. Алғашында көптеген елдер бұл іске наразылық танытқанымен бүгін Иранның лаңкестіпен күресте жетекші рөл атқарғанын барша қабылдайды» деді.