Революция жетекшісі: Мүмін жастар ДАИШ-ты жойып, үстемшіл Американы тізе бүктірді
Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі «Дұшпан аймақта исламдық-революциялық идеологиядан бас көтерген қарсыласуды жою үшін өзінің дұшпандығын жан-жақтан күшейтті. Алайда табанды мүмін жастар мен ерлер ДАИШ тәкфірлік обыр безін сылып тастау арқылы дұшпандарды тізе бүктіріп: «Біздің қолымыздан келеді!» деген түсінікті тағы да баршаға дәлелдеді» деп қуаттады.
Хазірет аятолла Хаменеи сәрсенбі күні Иранның түкпір-түкпірінен жиналған мыңдаған ерікті күштермен кездесуде сөйлеген сөзінде: «ИИР Пәруәрдігердің көмегі және жетекшілігімен, имам Хомейнидің қырағылығы және көрегенділігімен, сонымен қатар халықтың күрескерлігінің арқасында мұсылмандар армандаған исламды саяси жүйе қалыбында жүзеге асырып, алғашқы негізді қалады» деді.
Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі Құран Кәрімнің аяттарын негіз етіп, Құдай жолында табандылық танытуды һәм ақыреттік сауаптың, һәм дүниелік сыйдың, яғни, ғиззат пен айбын және дамудың факторы деп атап: «ИИР-ның үстемшіл елдер мен сионизмнің, сондай-ақ аймақтағы кертартпа елдердің дұшпандығымен күресіп келе жатқанына 37 жыл болды. Бірақ, бүгінде Иран революцияның басындағы кезеңнен жүз есе, бәлкім мың есе дамыған әрі айбынды. Бұл – табандылықтың дүниелік сыйы дегеннің мағынасы» деді.
Хазірет аятолла Хаменеи Иранның жас мүмін жастарының революция кезеңін, имам Хомейниді, қасиеттің қорғаныс кезеңін көрмесе де, түсінбегендеріне қарамастан аймақтағы ықпалын ислам революциясының мұғжизасы деп атап: «Сіздер, жастар үстемшіл Американы тізе бүктіріп, жеңдіңіздер» деді.
Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі ДАИШ деген обыр ісігін жоюдың шынайы факторын күрескерлердің бойындағы жұмылу рухы деп атап: «Дұшпандар тәкфірлік, адмгершіліктен жұрдай топ арқылы оқиғаны қарсыласу ағымына қарсы қоюға күш салды. Бірақ, мүмін жастар құлшыныс және түрткілермен күрес майданына еніп, дұшпанды тізе бүктірді. Америка мен сионизм және аймақтағы кертартпа елдердің үсті-үстіне жасаған бірнеше қастандығы ИИР-ның күші арқылы залалсыздандырылды. Солардың біріне ДАИШ тобын жоюы жатады» деді.
Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі адмгершіліктен кенде тәкфірлік топтың мүмін жастар мен ерлердің ерік-жігерімен, қарсыласуды қабылдайтын адамдардың талпынысымен жойылуын үлкен іс деп атап: «Кейбір көршілес елдерде де ДАИШ тобын жеңуге қатысты сенім болған жоқ. Бірақ олар майданға енген кезде жеңісті көздерімен көріп, ислам революциясының «Біздің қолымыздан келеді!» деген жолдауына сенді» деді.