Ерікті күштер – Иран мен аймақтағы ислам үмбеті қарсыласуының көрінісі
Иран Ислам революциясының Сақшылар корпусының бас қолбасшысы бригада генералы Джафари аймақтағы ірі жеңістерді ерікті күштердің жемістері деп атап, Ирандағы халықтық ерікті күштердің жұмылуы мен сегіз жылдық Қасиетті қорғаныстың аймақтағы басқа елдерге үлгі болып отырғанын айтты.
Бригада генералы Мұхаммад Әли Джафари бейсенбі күні Теһранда өткен ақпарат отырысында аймақтағы жағдайды саралап: "Ливанның Хезболласы ерікті күштердің көмегімен өз елін Израильден қорғап отыр. Егер осындай халықтық күштер Сирияда да қалыптаспағанда, бұл ел әлдеқашан бөлшектеніп кеткен болар еді" деді.
Сақшылар корпусының бас қолбасшысы аймақта тек ДАИШ-тің билігінің құлдырағанын айтып: "ДАИШ түрлі елдерде, соның ішінде Ауғанстанда жасырын түрде әрекет етіп жатыр. Сол себепті олардың қастандықтарымен күресу Сақшылар корпусының басты бағдары етіп қойылды" деді.
Сақшылар корпусының бас қолбасшысы кез келген соғыстың басталуының сионистік режимнің жойылуымен аяқталатынын баса айтып: "Сионистер қарсыласу шебінің күш-құдіретін 22 және 23 күндік соғыстарда байқады. Егер Израиль қарсыласу шебінің бір бөлігіне шабуыл жасайтын болса, бұл шептің қалған бөлігі қарсыласудың сол бөлігіне көмектесуге барады" деді.