Иран университеттері еуропалық студенттерді қабылдауға әзір
Иранның Ғылым, зерттеулер және технология министрінің халықаралық істер бойынша орынбасары ИИР-ның еуропалық студенттерді Иранның университеттеріне шақыру үшін бағдарламаларын дамытуға әзірлігін мәлімдеді.
Иранның Ғылым, зерттеулер және технология министрінің халықаралық істер бойынша орынбасары Хосейн Салар Амоли Теһранда еуропалық басшылармен өткен отырыста Иранның үздік университеттеріне шетелдік студенттерді қабылдау мүмкіндігіне тоқталып, Иран мен Еуропа Одағының ғылыми-технологиялық серіктестіктерді дамыту саласында ауқымды әлеуеттерге ие екенін мәлімдеп, Иран мен Еуропа одағы арасындағы серіктестіктер үшін жаңа технологиялар мен медицина және ауа-райының өзгерістерін маңызды үш сала деп атады.
Иранның Ғылым, зерттеулер және технология министрінің халықаралық істер бойынша орынбасары Иран мен Еуропа Одағының жоғары деңгейлі сұхбаттары аясында Еуропа комиссиясының зерттеу және инновациялар басқармасы директорының орынбасары Патрик Чайлдпен кездесіп, сұхбаттасты. Тараптар кездесуде ортақ ынтымақтастықтарды кеңейту салаларын қарастырды.
Патрик Чайлд кездесуде Еуропа Одағының Иран зерттеушілерінің «Еуропа Одағы-2020 перспективасы» бағдарламасы мен Еуропаның зерттеу кеңесіне атсалысуын арттыруға әзірлігін мәлімдеді.