ДАИШ-тің жеңілісі үстемшіл елдерді жаңа қастандықтарға итермелейді
(last modified Sat, 25 Nov 2017 15:42:14 GMT )
Қар 25, 2017 21:42 Asia/Almaty
  • ДАИШ-тің жеңілісі үстемшіл елдерді жаңа қастандықтарға итермелейді

Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының төрағасы әлемдік үстемшілдіктің қастандықтарына қырағылық таныту қажеттігін қуаттап, ДАИШ лаңкестік тобы жеңілісінің үстемшіл елдерді жаңа қастандықтарды жобалауға мәжбүрлейтінін айтты.

Жүйе мүддесін анықтау алқасының төрағасы аятолла Һашеми Шаһруди қарсыласу шебінің ДАИШ лаңкестік тобын жеңуімен мәртебелі жетекшіні, ИИР-ның халқы мен үкіметін және Ирак пен Сирия халықтары мен үкіметтерін құттықтап, Сақшылар корпусының Құдс күштері мен Қарсыласу шебі күштерінің еңбектеріне алғыс айтты.  

Жүйе мүддесін анықтау алқасының төрағасы аятолла Шаһруди сонымен қатар Ирак пен Сирия үкіметтеріне сионистік режим мен Американың ДАИШ-тен кейінгі қастандықтарына қатысты абай болуды, себебі, ДАИШ-тің жеңілісінің үстемшіл елдерді жаңа қастандықтарды жобалауға итермелейтінін ескертті.