Иран мен Еуроодақтың қарым-қатынасындағы қосалқы жайттар негізгі мәтіннен маңыздырақ
(last modified Sun, 26 Nov 2017 11:41:19 GMT )
Қар 26, 2017 17:41 Asia/Almaty
  • Иран мен Еуроодақтың қарым-қатынасындағы қосалқы жайттар негізгі мәтіннен маңыздырақ

ИИР Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф сенбі күні Теһранда Еуропа Парламентінің Иранмен байланыс тобының басшысы Януш Левандовскиймен кездесуінде Еуроодақтың Иран үшін маңызды серіктес екенін айтып, барлық тараптардың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын толық орындауын және Иранның осы бағдарламаны өз мүддесіне пайдалануын қалайтынын білдірді.

ИИР-ның Еуроодақпен қарым-қатынасы Ислам революциясы жеңіске жеткеннен кейін  шарықтаулар мен құлдырауларға толы болды. Таңылған соғыс аяқталғаннан кейінгі қарым-қатынасты екі кезеңге бөліп қарастыруға болады. Бірінші кезең – сынға толы диалог кезеңі. Ол 1992 жылдан басталып, 1997 жылға дейін созылды. Бұл кезеңде Еуропа АҚШ үкіметінің қалауына керісінше Иранды оқшаулау жоспарына қатыспады. 1996 жылы Вашингтон Иранға экономикалық санкция салуды күн тәртібіне қойған кезде Еуропа Иранмен қатынасын жоғарылатып, АҚШ-тың жоспарына көзжұмбайлық танытты.

"Экономикалық серіктестік" кезеңі деген атпен танымал екінші кезең 1999 жылы басталды. Бұл кезеңнің ерекшеліктерінің бірі еуропалық компаниялардың мұнай-газ өнеркәсібін дамыту және басқа да жобаларға кеңірек қатысуы болды.
Иран мен Еуроодақтың қарым-қатынасы бұл кезеңде өте жақсы дамыды. Алайда АҚШ-тың бастауымен Иранға қарсы ядролық уәждерге толы текетіресті кезең басталып, Еуропаны да өзіне ілестірді. Бұл кезең шамамен он жылға созылды.  2015 жылдың шілде айында Иран мен "алтылық" елдері, соның ішінде Еуроодақтың үш ірі елі, яғни Ұлыбритания, Франция мен Германия және Ресей, Қытай мен АҚШ арасында келісім ("Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы) жасалып, атом саласындағы қайшылықтар жойылды. "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы қабылданған екі жылға жуық уақыт барысында Еуропа елдерінің әрқайсысы әртүрлі және кейде ұқсас себептермен Иранмен ізгі экономикалық қатынас орнатуға мүдделілік танытып отыр. Алайда мұнымен бір мезгілде Иран мен Еуроодақ қарым-қатынасының АҚШ-тың ішкі іске араласушылық саясаты, соның ішінде  Иранның зымырандық қабілеті, аймақтық саясаты және адам құқығына қатысты уәждеріне байланысты болуы салдарынан Еуропаның Иранмен қатынасының қосалқы тұстары негізгі мәтіннен әлдеқайда маңыздырақ болып отыр. Әлі күнге дейін Еуропаның саяси шешімдері мен Иранмен сауда-экономикалық байланысы және ірі банктерінің әріптестігі арасында үлкен алшақтық бар. Бірақ кеше ғана Франция СІМ-нің ақпарат хатшысы Аньес Ромате-Эспань: "Париж Иранның елдер арасындағы текетіресті шешудегі оң әрі ықпалды рөлін қолдайды",-деді. Бұл сөздер осыдан біраз бұрын Франция Президенті Эммануэль Макронның  "Иран аймақта тұрақсыздық тудырады. Оның аймақтағы белсенділіктері мен зымырандық бағдарламасына қатаң қатынас көрсету керек" деп уәж айтқан жағдайда айтылып отыр.
Франция саясаткерлері өздерінің саясаттарын тәуелсіз етіп көрсеткісі келгенімен, іс жүзінде  АҚШ-қа жақтасады.
 

 

Тегтер