Бүгін – әлем шиіттерінің он бірінші имамының шәһид болған күнінің жылдығы
Бүгін х.қ.ж.с.б 1439 жылдың раби ал-аууал айының сегізі, сәйкесінше 2017 жылдың қараша айының жиырма жетісі әлем шиіттерінің имамат пен велаятының он бірінші жұлдызы имам Хасан Аскаридің (ғ.с) шәһид болған күнінің жылдығы.
Имам Хасан Аскаридің (ғ.с) әкесі хазірет имам Һади (ғ.с) пайғамбардың ұрпағы, анасы данышпан, асыл текті әрі ақ пейілді әйел болған.
Имам Хасан Аскари (ғ.с) әкесі шәһид болғаннан кейін мұсылмандардың діни жетекшілігі мен билігін өз мойнына алды.
Имам Хасан Аскаридің 29 жылдық өмірі үш кезеңге бөлінеді: алғашқы кезең – ол хазіреттің Мәдинеде өмір сүрген он үш жылы; екінші кезең – имаматтың алдындағы Самаррадағы он жылдық өмірі; үшінші кезең 6 жылға жуық имамат еткен жылдары саналады.
ИИР Телерадио бірлестігі имам Хасан Аскаридің (ғ.с) шәһид болуының жылдығына байланысты пайғамбар ұрпағын (ғ.с) сүюшілерге көңіл айтады.