Иран күштерінің мәртебелі қолбасшысы: Иран Армиясының теңіз күштері өзінің серпінді жолын жалғастырып келеді
(last modified Tue, 28 Nov 2017 13:10:16 GMT )
Қар 28, 2017 19:10 Asia/Almaty
  • Иран күштерінің мәртебелі қолбасшысы: Иран Армиясының теңіз күштері өзінің серпінді жолын жалғастырып келеді

Иран күштерінің Бас қолбасшысы азар айының жетісі (қарашаның жиырма сегізі) – теңіз күштері күнін осы күштерді мақтаныш тұтатын әрі олардың жанкештіліктерін марапаттайтын күн деп атады.

Иран күштерінің бас қолбасшысы хазірет аятолла Хаменеи бүгін Армияның теңіз күштерінің қолбасшылары және жауапты тұлғаларымен кездесуде Иран теңіз күштерінің Ирактың БААС армиясына қарсы хижри шамси жыл санағы бойынша 1359 жылдың азар айының жетісі күнгі батыл операцияларының соғысқа үлкен әсер еткенін, сол батылдықтың дұшпанның теңіздегі бастамалары мен жоспарларын, әрекеттерін зая кетіргенін баса айтты.

Хазірет аятолла Хаменеи азар айының жетісін  қадір тұтып, сол күннің батыл шәһидтерін есте сақтау керектігін қуаттап: «Құдай жолындағы шәһидтік шығын емес, керісінше – олжа. Имам Хомейни айтқандай шәһәдатқа ие халық тұтқынға түспейді» деді.

Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі теңіз күштерінің маңызына тоқталып: «Теңіз күштері Иранды қорғауда алдыңғы шептен көрінеді. Мекран, Оман теңізі мен халықаралық сулар сынды маңызды аймақтарға ие. Халықаралық сулардағы құзыр бұрынғыдай жалғасуы керек» деді.

Ислам революциясының жетекшісі теңіз күштерінің құрал-жабдық тұрғысынан әлеуеттерін арттырып, кемшіндіктерді жою үшін жүйенің әртүрлі бөлімдерінің мүмкіндіктерін пайдалану керектігін қуаттап: «Теңіз күштерінің дамуы басталды. Бүгін теңіз күштері 20 жыл бұрынғымен салыстырғанда өте дамып, күшейе түскен. Бірақ бұл деңгей қанағаттандырарлық емес. Барлық салаларда ерік-жігермен, үлкен талпыныс жасап, бастамалар мен серпінді әрекеттер жалғасуы керек» деді.