Лариджани: Исламның ардақты пайғамбарының тірегі таухид пен мұсылмандардың бірлігі болды
(last modified Wed, 29 Nov 2017 14:08:21 GMT )
Қар 29, 2017 20:08 Asia/Almaty
  • Лариджани: Исламның ардақты пайғамбарының тірегі таухид пен мұсылмандардың бірлігі болды

Иранның Исламдық Кеңес Мәжілісінің төрағасы исламның ардақты пайғамбарының негізгі тірегінің таухид пен мұсылмандардың бірлігі болғанын айтып, мүміндерді басқалардың алдындағы біртұтас күш деп атады.

Majles хабар агенттігінің мәліметі бойынша, Әли Лариджани Ислам кеңесі мәжілісінің бүгін сәрсенбі күнгі ашық отырысында исламның ардақты пайғамбарының мәулітімен, барлық мұсылмандар мен Иран халқын «Бірлік аптасымен» құттықтап: «Егер мұсылмандар ислам пайғамбары адамзатқа әкелген тағылымдарды пайдаланғанда, бүгін бір миллиардтан астам жамағатымен алпауыт мемлекеттердің алдында бастарын төмен түсіруге мәжбүр болмас еді» деді.

Сүнниттердің рауаяттарына сәйкес исламның ардақты пайғамбарының мәуліті раби ал-аууал айының он екісінен (желтоқсанның бірі) шиіттердің рауаяты бойынша раби ал-аууал айының он жетісіне (желтоқсанның алтысы) дейінгі аралық ИИР-ның негізін қалаушы имам Хомейнидің бастамасымен «Бірлік аптасы» деп аталды.   

Иранның Исламдық Кеңес Мәжілісінің төрағасы «Батыс мұсылмандарға үстемдік етуді өз әрекетінің негізі етіп қалыптастырды. Батыстың ислам тағылымдарымен күресудегі идеологиясы соңғы он жылдықтарда лаңкестік ағымдарды қалыптастыруымен көрініс тапты. Батыстың осы қорлаушы, авантюристік қатынасы мұсылман халықтарының Американы жек көруіне себеп болды» деді.