Велаяти: Ислам әлемінің бүгінгі қажеттілігі – бірлік пен ынтымақтастық
Ислам революциясы мәртебелі жетекшісінің халықаралық істер бойынша кеңесшісі ислам әлемінің бүгінгі қажеттілігін дұшпандардың жік салу әрекеттеріне қарсы бірлік пен ынтымақтастық деп атады.
Ислам революциясы мәртебелі жетекшісінің халықаралық істер бойынша кеңесшісі Али Акбар Велаяти исламның ардақты пайғамбарының мәуліті мен «Бірлік аптасына» орай жасаған жолдауында Ислам революциясының ұлы көсемі имам Хомейнидің «Бірлік аптасы» деп жариялау бастамасының ислам үмбеті арасында бірлік пен ынтымақтастық қалыптастыру үшін негіз қалағанын айтып: «Дұшпандардың «исламдық-сионистік» күресін «исламдық-исламдық» күреске айналдыру талпынысы сионистік режимге қауіпсіз жағалау, осы елдің тұрақтылығына кепілдік беру мақсатын көздегенімен, қарсыласу өзегінің табандылығымен бетпе-бет келіп, жеңілісіке ұшырады. Күмәнсіз, жалғасында да дұшпандардың сұрқия қастандықтары жүзеге аспайды» деді. Хижри қамари жыл санағы бойынша 1439 жылдың раби ал-аууал айының он екісі күні, яғни желтоқсан айының бірінде «Бірлік аптасы» басталды. Сүннитер раби ал-аууал айының он екісін, шиіттер осы айдың он жетісін исламның ұлық пайғамбарының мәуліті санайды.