Түркіменстанмен мәселені шешудің соңғы жолы – халықаралық сот
(last modified Wed, 06 Dec 2017 15:17:47 GMT )
Жел 06, 2017 21:17 Asia/Almaty
  • Түркіменстанмен мәселені шешудің соңғы жолы – халықаралық сот

Иранның Ұлттық газ компаниясының атқарушы директоры: "Иран мен Түркіменстанның бір-бірінен алашағы бар. Бұл шешілуі тиіс. Алайда Теһранның көзқарасы бойынша соңғы шешім жолы – халықаралық сот",-деді.

Хамидреза Арақи Иран мен Түркіменстанның газ саласындағы ынтымақтастығына тоқталып: "Иран соңғы жылдары Түркіменстаннан газ импорттап келді. Ағымдағы жылдың қаңтар айынан осы күнге дейін бұл үдеріс тоқтап қалды. Бұл мәселе бойынша екі елдің бір-бірінен алашағы бар. Мұны талқылау керек. Түркіменстан Иранға газ экспорттауды тоқтатқан кезде Иранға ауыр шығын келтірді. Бұл шығын Түркіменстан үкіметіне жарияланды. Егер Түркіменстан мәселені халықаралық сот арқылы шешуге шешім қабылдаса, Иран мұны қолдайды",-деді.