Жұма күні Иранда АҚШ пен сионистік режимге қарсы шеру өтеді
Жел 07, 2017 22:03 Asia/Almaty
АҚШ президенті Дональд Трамп Құдсты Израильдің астанасы ретінде мойындаған сөздеріне жауап ретінде Иранның барлық жерінде жұма намазынан кейін АҚШ пен сионистік режимге қарсы шеру өткізіледі.
Иран Исламдық үгіт-насихаттарды үйлестіру жөніндегі кеңесі АҚШ президентінің басып алынған Құдсты сионистік режимнің астанасы ретінде мойындау шешімін айыптап: "Иран халқы жұма намазын оқығаннан кейін Иранның жер-жерінде мыңнан астам қалада АҚШ пен Израильге қарсы шеру өткізеді",- деп мәлімдеді.
Тегтер