Иран халқының АҚШ пен сионизмге қарсы шеруінің қорытынды мәлімдемесі жарияланды
Иранның жер-жеріндегі жұма намазын оқуға келген мыңдаған адам АҚШ президентінің Құдсты жалған Израиль режимінің астанасы ретінде таныстыру әрекетін айыптап, Құдс Шәріпті азат ету мақсатына табанды қалатындықтарын қуаттады.
Исламдық Иранның жер-жеріндегі жұма намазын оқуға келген мыңдаған адам намаз оқығаннан кейін шеру ұйымдастырып, АҚШ президентінің шешіміне ашу-ыза білдіріп, шерудің қорытынды мәлімдемесінде: "АҚШ – үлкен шайтан; адамзат баласының қас дұшпаны; аймақ пен әлемдегі тынышсыздықтар мен соғыстың негізгі факторы. Сондықтан барша Палестина халқын азат ету үшін талпыныс жасауы керек.
Трамптың осындай шешімімен Құдсты басқыншы әрі лаңкестерді жаттықтырушы режимнің астанасы ретінде мойындаудың ешқандай заңды күші жоқ. Құдс мәңгі бақи Палестинаның астанасы болып қалады.
Трамп пен сионистік режимнің қисынсыз шешімі Палестина мен ислам әлеміне қарсы соғыс жариялау саналады. Иран халқы мұндай ашкөздік пен шайтандық әрекетке қарсы табандылық танытып, Палестинаның мақсатын қорғайды",- деп қуаттады.