Дивизия генералы Бағери: Құдсқа қарсы АҚШ-тың әрекеті – ұлы интифазаның басы
(last modified Mon, 11 Dec 2017 13:37:24 GMT )
Жел 11, 2017 19:37 Asia/Almaty
  • Дивизия генералы Бағери: Құдсқа қарсы АҚШ-тың әрекеті – ұлы интифазаның басы

Иран Қарулы күштері Бас штабының қолбасшысы Құдсты жалған Израиль режимінің астанасы ретінде мойындаған АҚШ президентінің шешімін ұлы интифазаның басы атады.

Иран Қарулы күштері Бас штабының қолбасшысы дивизия генералы Мұхаммад Бағери  Теһранда «Батыс Азия аймағындағы алпауыт күштер және қауіпсіздік» атты республикалық конференцияда сөйлеген сөзінде: «АҚШ-тың Құдсты астана ретінде мойындауы ұлы интифазаның басы болып, Трамптың ағат шешімі  мүбәрәк оқиғалардың бастауына ұласады» - деді.

Дивизия генералы Бағери сионистік режимді аймақ қиындықтарының тамыры деп атап, аймақ мұсылмандарының аталмыш режимге төзе алмайтынын қуаттап: «Егер ислам революциясы орын алмағанда Израиль өзі армандаған маңызды жерлерге қол жеткізетін еді. Израильдің қолдауындағы кішігірім аймақ ДАИШ тобының қол астында. Бірақ ол жақында азат етіледі. Қазіргі таңда бүкіл әлем, тіпті АҚШ та Сирия президенті Башар Асадтың заңды үкіметінің жалғасатынын мойындады» - деді.

Дивизия генералы Бағери аймақтың алпауыт күштерге мұқтаж еместігін, Иран Ислам Республикасының кең пейілдігінің соншалықты, тіпті аймақтың қылмыскер мемлекеттерін де кешіретінін айтып: «Аймақтың қиындықтарын шешу үшін аймақ халқының көзқарасын құрметтеу керек. Биліктің түрі мен билеушілері жөнінде халық шешім қабылдайды. Аймақтың қазіргі шекарасы сақталуы керек» - деп баса айтты.

«Батыс Азия аймағындағы алпауыт күштер және қауіпсіздік» атты республикалық конференция бүгін дүйсенбі күні Теһранда Иранның әскери және саяси саладағы ойшылдарының қатысуымен басталды.