Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы баспасөз маслихатын өткізді
(last modified Mon, 11 Dec 2017 13:56:57 GMT )
Жел 11, 2017 19:56 Asia/Almaty
  • Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы баспасөз маслихатын өткізді

Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы Ұлыбритания СІМ-нің Теһран сапарында әртүрлі салалардағы мәселелердің қарастырылғанын айтты.

Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы Бахрам Ғасеми отандық және шетелдік тілшілер қатысқан баспасөз конференциясында Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Борис Джонсонның Теһранға іс-сапары мен АҚШ президентінің Израильдің астанасы ретінде Құдсты мойындауының бір мезгілде орын алуы туралы қойылған сұраққа: «Борис Джонсонның іс-сапары алдын-ала жоспарланған болатын. Оны өзге мәселелермен байланыстыруға болмайды. АҚШ президенті Дональд Трамп сионистік режимнің астанасы ретінде Құдсты мойындағаннан кейін дүниежүзі елдерінің қоғамдық пікірі оның масқара әрекетін бірауыздан айыптады. Әлем елдерінің көбі, соның ішінде араб мемлекеттері де бұл мәселеге араласты. 

Йеменге қатысты Иранның ұстанымы айқын: Иран бұл елдің  ішкі істеріне араласпайды. Тек Йемен халқының мазлұмдығын әлемдік деңгейде жеткізуге талпыныс жасайды.

Иран мен Сауд Арабиясының қарым-қатынасында ешқандай өзгеріс болған жоқ. Эр-Рияд аймақ мәселелеріне қатысты көрегенділік танытпай, бұрынғы қателерін әлі жүзеге асырып жатыр» - деді.

Ғасеми басып алынған Палестина жеріне Бахрейн делегациясы іс-сапарының АҚШ елшілігін Құдсқа көшіру шешімімен бір мезгілде орын алуы туралы сұраққа: «Бұл іс-сапар орынсыз, ағат әрі ұят іс  болды. Басқыншылықты қолдайтын кейбір араб елдерінің бейнесі толығымен анықталды» - деп жауап берді.