Велаяти: АҚШ Ирак пен Сирияда тағы бүлік тудыруды көздеуде
https://itolqyn.com/news/iran-i32945
Иран Ислам революциясы жетекшісінің халықаралық істер жөніндегі кеңесшісі: «АҚШ күшін пайдаланып, әлемді билеп-төстеуді көздеуде. АҚШ Сирия мен Иракта әсіресе Сирияның Ракка қаласында тағы бүлік тудырмақ",- деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Жел 13, 2017 15:43 Asia/Almaty
  • Велаяти: АҚШ Ирак пен Сирияда тағы бүлік тудыруды көздеуде

Иран Ислам революциясы жетекшісінің халықаралық істер жөніндегі кеңесшісі: «АҚШ күшін пайдаланып, әлемді билеп-төстеуді көздеуде. АҚШ Сирия мен Иракта әсіресе Сирияның Ракка қаласында тағы бүлік тудырмақ",- деді.

Иран Ислам революциясы жетекшісінің халықаралық істер жөніндегі кеңесшісі Әлиакбар Велаяти сейсенбі күні  "Тасним" ақпарат агенттігіне берген сұхбатында АҚШ-тың аймақта бүлік тудыратын негізгі факторының жойылғанына  тоқталып: "АҚШ-тың Батыс Азия аймағында орналасуы үшін еш себеп жоқ. Сондықтан АҚШ аймақтан кетуі керек. Сирия халқы мен үкіметі және қарсыласу қозғалысы АҚШ-ты Сириядағы басып алған аймақтарынан тұқыртып отырып шығарып жібереді",- деді.

Әлиакбар Велаяти АҚШ Президентінің өз елінің елшілігін Тель-Авивтен Құдсқа көшіріп, бұл қаланы сионистік режимнің астанасы ретінде таныстырған шешімін айыптады.