Иран мен Қытай сауда айналымының көлемін 60 миллиард долларға жеткізеді
Иранның Өнеркәсіп, тау-кен және сауда министрі Иран мен Қытайдың сауда айналымы көлемін 60 миллиард долларға жеткізуді мақсат етіп отырғаны туралы хабарлады.
Tasnim ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Иранның Өнеркәсіп, тау-кен және сауда министрі Мұхаммад Шариатмадари ҚХР жеке сектор бойынша Сауда палатасының төрағасы Ванг Янгпен кездесуінде қытайлықтардың "Ортақ қадамға" дейінгі қиын-қыстау кезеңдерде ирандықтармен ынтымақтастық жасағанын ұмытпайтынын айтып: "Қытай халқы мен үкіметі санкциялар кезеңінде Иран үкіметі мен халқының жанынан табылды",- деді.
Шариатмадари ортақ компаниялардың құрылуы мен Иранның аймақтағы сауда-саттық, өндірістік және экономикалық салалардағы әлеуеттерін пайдаланудың Иран үкіметінің саясаттары қатарына жататынын баяндап: "Алға қойылған мақсаттарды жүзеге асыру үшін қажет негіздерді қамтамасыз етып, екі ел арасындағы банктік қатынастарды жеңілдету керек",- деді.
Ванг Янг ҚХР-дың инфрақұрылымдар саласындағы жетістіктерін тілге тиек етіп: "Бұл салада жаңа технологиялар әзірленген. Ал Ирандағы пайдалы қазбаларды өндіріп, тазалау және өңдеу саласы осы салада әріптестіктер кеңею үшін жақсы потенциалға ие",- деді.