Иран АҚШ-тың Құдс қарарына вето қолдануын айыптады
ИИР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы дүйсенбі күні кешке АҚШ-тың Мысырдың Құдс туралы ұсынған қарарына вето қолдануын айыптап, бұл әрекетті халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке қарсы және Палестина халқының құқықтарын бұзу деп атады.
"Фарс" ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Бахрам Ғасеми: "АҚШ бұл қарарға вето қолданып, палестиналықтардың заңды құқықтарын бұзу арқылы бітімге келуді көздеп отырғанын дәлелдеді",- деді.
Ғасеми АҚШ-тың Құдсты сионистік режимнің астанасы ретінде ресми тану әрекетінің халықаралық қарарларды әшкере түрде бұзу екенін тағы қуаттап, халықаралық қауымдастық пен әлем мемлекеттерінен халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау үшін АҚШ-тың бұл дұшпандық әрекетінің іске асырылуының алдын алуды сұрады.