Аймақта лаңкестікпен күрес аяқталған жоқ
(last modified Sat, 23 Dec 2017 15:06:56 GMT )
Жел 23, 2017 21:06 Asia/Almaty
  • Аймақта лаңкестікпен күрес аяқталған жоқ

Иран Ислам Кеңесі мәжілісінің төрағасы Лариджани аймақта лаңкестікпен күрестің аяқталмағанын, Исламабад отырысында аталмыш құбылыспен аймақтық күрес жолдары қарастырылатынын мәлімдеді.

Иран Телерадио бірлестігінің мәліметіне сәйкес, Әли Лариджани сенбі күні «Лаңкестікке қарсы тұру жолындағы түйткілдер» атты отырысқа қатысу үшін Теһраннан Пәкістанның астанасы Исламабадқа аттанар алдында тілшілерге берген сұхбатта: «Аймақта лаңкестік мәселесі аяқталған жоқ. Дегенмен, ДАИШ лаңкестік тобының көзі жойылды» деп баса айтты. 

Иран Мәжілісінің төрағасы лаңкестікпен күрес жолында аймақтық ынтымақтастықтардың рөлін зерттеуді Исламабад іс-сапарының мақсаттарының бірі деп атап: «ДАИШ лаңкестері өзге мемлекеттерде де белсенділік таныта алады. Сол себепті, бұл мәселеге қатысты аймақ мемлекеттерінің сезімталдығы маңызды. «Лаңкестікке қарсы тұру жолындағы түйткілдер» атты отырысты өткізуге Ресей, Пәкістан және кейбір аймақ мемлекеттерінің мүдделік танытқандығына тоқталып: «Лаңкестікпен күресте аймақ мемлекеттері маңызды рөл атқарды. Ирак пен Сирия мәселесінде өзге мемлекеттер айтарлықтай көмек көрсеткен жоқ. Бұл мәселені шешуге аймақ елдері жәрдемдесті» деді.