Ғасеми Бахрейн Сыртқы істер министрінің сөзіне реакция білдірді
ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы сенбі күні кешке Бахрейн Сыртқы істер министрінің Twitter-дегі парақшасында Иранның жері мен үкіметі туралы жазған пікіріне реакциясында оған: "Көне тарих пен салтанатты өркениеттің символы саналатын мерейлі Иран жайлы пікір білдіретіндей дәрежеде емессіз",-деді.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Бахрам Ғасеми текті әрі парасатты халқы бар көне Иран жерінің теңдессіз тарих пен демократияға ие екенін әрі аймақтағы ең тәуелсіз елдердің бірі екенін айтып: "Иран – Бахрейн билеушілері мен басқа да бағынышты мемлекеттердің қорқынышты түсі. Бұл билеушілерде трансаймақтық елдердің қолдауымен өз халықтарының басым бөлігін басып-жаншып, оларға қарсы қылмыс жасағаннан басқа өнер жоқ",-деді.
Бахрейн Сыртқы істер министрі Халед бен Ахмад Але Халифе жуырда Twitter-дегі парақшасында Иранға қарсы дөрекі уәждерін қайталап: "Фашист" ислам республикасынан төнген ашық қауіппен күресіп жатқан кезде қосалқы мәселелерге бола АҚШ-пен жанжалдаспауымыз керек",-деп жазды.
Бахрейн 2011 жылдың 14 ақпанынан бері Але Халифе режиміне қарсы халықтық көтерілістің куәсі болып отыр.
Але Халифе режимі – Құдсты басып алушы режим әрі АҚШ-тың аймақтағы негізгі одақтастарының бірі.