Велаяти: Бас ассамблеяда Құдс резолюциясының бекітілуімен АҚШ-қа тойтарыс берілді
https://itolqyn.com/news/iran-i33301
Ислам революциясы жетекшісінің Халықаралық істер жөніндегі кеңесшісі сионистік режимнің астанасы ретінде Құдсты ресми танудағы АҚШ-тың шешімін қабылдамаған БҰҰ Бас ассамблеясының резолюциясы туралы: «Бас ассамблеяда Құдс резолюциясының бекітілуімен АҚШ-қа біржолата тойтарыс берілді» - деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Жел 25, 2017 21:59 Asia/Almaty
  • Велаяти: Бас ассамблеяда Құдс резолюциясының бекітілуімен АҚШ-қа тойтарыс берілді

Ислам революциясы жетекшісінің Халықаралық істер жөніндегі кеңесшісі сионистік режимнің астанасы ретінде Құдсты ресми танудағы АҚШ-тың шешімін қабылдамаған БҰҰ Бас ассамблеясының резолюциясы туралы: «Бас ассамблеяда Құдс резолюциясының бекітілуімен АҚШ-қа біржолата тойтарыс берілді» - деді.

Ислам революциясы жетекшісінің Халықаралық істер жөніндегі кеңесшісі Әли Акбар Велаяти «Tasnim» ақпарат агенттігіне берген сұхбатта әлем мемлекеттерінің басым көпшілігінің АҚШ-тың қоқан-лоққыларына қарамастан аталмыш елден бойларын аулақ салғанын баяндап: «АҚШ халқы өзінің келешегі туралы ойлануы қажет» деді. 

Әли Акбар Велаяти АҚШ үкіметінің қоқан-лоққыларына қарамастан, тек кішігірім және белгісіз мемлекеттердің ғана Бас ассамблеяда Құдс резолюциясын қабылдауға қарсы шыққанына тоқталып: «АҚШ ие болған азғана абыройынан да айрылып, ұятқа қалды» деді.