Иран Канада үкіметінен ирандық азаматтың өлтірілуіне қатысты түсініктеме беруді талап етеді
(last modified Thu, 28 Dec 2017 09:38:19 GMT )
Жел 28, 2017 15:38 Asia/Almaty
  • Иран Канада үкіметінен ирандық азаматтың өлтірілуіне қатысты түсініктеме беруді талап етеді

ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы Ғасеми Канада полициясының бір ирандық азаматты өлтіргені туралы ақпаратқа реакциясында мұндай қатігез әрекетті айыптап, Иранның Канада үкіметінен түсініктеме беруді талап ететінін баса айтты.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Бахрам Ғасеми бейсенбі күні таңертең: "Өкінішке орай, Канадада тұрып жатқан Бабак Саиди есімді бір науқас ирандықтың полицияның оғынан қаза тапқанын естідік",-деп хабарлады.

Ғасеми Иранның дипломатиялық аппаратының осы мәселенің мән-жайын анықтап жатқанын айтып: "Канадада тұратын ирандықтар өздерінің консулдық құқықтарының орындалуы үшін көптеген қиыншылықтармен бетпе-бет келіп отыр.

Теһран өткен екі жылдың ішінде Канадада тұратын ирандықтарға қайтадан консулдық қызмет көрсетуге тиімді жағдай жасау үшін көп талпыныс жасады, бірақ әлі күнге дейін тиісті нәтижеге жеткен жоқ",-деді.

Канада әрдайым осы елдің жергілікті халқына, мигранттар мен азшылық топтарға қатысты кемсітушілік саясат ұстанып келді.