Рухани: АҚШ-тың Иран халқына жанашырлық танытуға құқығы жоқ
(last modified Mon, 01 Jan 2018 08:59:59 GMT )
Қаң 01, 2018 14:59 Asia/Almaty
  • Рухани: АҚШ-тың Иран халқына жанашырлық танытуға құқығы жоқ

ИИР Президенті: "Бірнеше ай бұрын Иран халқын лаңкес деп атаған АҚШ Президентінің Иран халқына жанашырлық танытуға құқығы жоқ",-деп қуаттады.

Хасан Рухани жексенбі күні кешке Министрлер кабинетінің отырысында Иранның әртүрлі жерлеріндегі кейбір наразылықтарға тоқталып: "Иран халқы Конституция мен азаматтық құқық бойынша сын айтып, наразылық білдіруге ерікті. Жауапты органдар халықтың заңды түрде сын айтып, наразылық білдіруіне, тіпті рұқсат етілген шеру мен жиын өткізуіне жағдай жасауы керек. Алайда мұнымен бір мезгілде халық пен Ислам революциясын жақтаушылар үшін өз өмірлері мен қауіпсіздігіне алаңдайтындай кеңістік туындамауы тиіс",-деп қуаттады.

Рухани исламдық Иранға жамандық ойлайтындардың қастандықтарын баяндап: "Иран халқы әрдайым ел, аймақ пен әлемдегі қысылтаяң шақтарды жақсы түсініп келді. Сондықтан ұлттық мүддеге сәйкес шешім қабылдайды",-деді.

Ол, сондай-ақ, аймақтағы кейбір араб елдерінің ешқашан Иран халқымен жақсы қатынаста болмағанын, бүгін қуанып отырғанын айтып: "Ирандағы ұлттық қауіпсіздік, тыныштық, ұлттық бірлік пен біртұтастық және бауырластық – аймақтағы ең үлкен капитал",-деді.