Рухани: Дұшпандар Иранның жетістіктері мен дамуына ашулы
Иран Ислам Республикасының президенті: «Иран халқының экономика, саясат пен түрлі саладағы жетістіктері дұшпандарды ызаландырады» деді.
Хасан Рухани бүгін дүйсенбі күні Иран Ислам Кеңесі мәжілісінің арнайы комиссия басшыларының отырысында Иранда соңғы күндері өткен наразылық шерулеріне тоқталып: «Халықтың сыны мен наразылығы қоқан-лоққы емес, керісінше мүмкіндік болып табылады. Иран халқының өзі заң бұзушылар мен бүлікшілерді жауапқа тартады. Әлемдік деңгейдегі Иран халқының саяси жеңісі, соның ішінде «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының жүзеге асырылуы, аймақта лаңкестікпен күрестегі табысы, Иранға қарсы санкция салудағы АҚШ-тың жеңілісі Иран халқына қарсы АҚШ пен аймақтың кейбір озбыр мемлекеттері дұшпандығының басты факторлары болып табылады» деді.
Рухани Иранның жетістіктерін дұшпанға қарсы атылған оққа теңеп, АҚШ пен сионистік режимнің бұған төзе алмайтынын айтып: «Иран дұшпандары әрдайым Иран халқын арандатып, кек алуды көздейді» деді.
Иран Ислам Республикасының президенті экономика саласында қиындықтардың барын және оған көзжұма қарауға болмайтынын айтып: «Иран халқы табандылықпен бұл қиындықтардан да өтеді. Революцияның қасиетті міндеттері мен құндылықтарын түсіріп, қоғамдық мүлікті қиратқан арандатушылар мен бүлікшілер жауапқа тартылады» деді.