Зариф: БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің Иранға қатысты отырысы – Трамп үкіметінің келесі қателігі
Иран Сыртқы істер министрі БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің Иранға қатысты отырыс ұйымдастыруын Трамп үкіметінің келесі қателігі деп атады.
БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі АҚШ-тың қысымымен Иранда жуырда орын алған оқиғаларды қарастыру үшін жұма күні кешкее отырыс өткізді.
Отырыста Қауіпсіздік кеңесі мүшелерінің басым бөлігі АҚШ-қа қарсы шығып, Вашингтонның өз мақсаттарына жетуіне, атап айтқанда Ирандағы бейберекеттік тудырушыларға қолдау көрсетуіне рұқсат бермеді.
Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Мұхаммад Джавад Зариф сенбі күні таңертең Twitter әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында: "БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі АҚШ-тың өз ықпалы мен билігін тарату мақсатындағы талаптарын қабылдамады. Бұл Трамп үкіметінің сыртқы саясатындағы келесі бір саяси масқаралық саналады",- деп жазды.