Теһран жұма намазының құтпалары
(last modified Sat, 06 Jan 2018 11:57:12 GMT )
Қаң 06, 2018 17:57 Asia/Almaty
  • Теһран жұма намазының құтпалары

Теһран жұма намазының құтпагері: " Иранда соңғы күндері орын алған оқиғалар –америкалықтар мен олардың одақтастарының өздерінің басып-жанышталған талап-тілектерін қанағаттандыруды мақсат етуінің көрінісі",- деді.

Иран Телерадио бірлестігі әлемдік қызмет торабының хабарлауы бойынша, аятолла Сейіт Ахмад Хатами осы аптадағы Теһран жұма намазының құтпаларында: "Америкалықтар мен олардың одақтастары аймақтағы, соның ішінде Сирия мен Ирактағы үсті-үстіне жалғасқан жеңілістерінен кейін қарсыласу майданының алдыңғы шебінде орналасқан ИИР-ға соққы беру мақсатында жаңа мүмкіндіктер тудыруды көздеді.

Америкалықтар мен олардың одақтастары бүлік тудырушыларға қолдау көрсету арқылы Иран Ислам Республикасына соққы беруді ойлады. Алайда Иранның қырағы халқы әдеттегідей жаппай құзырының арқасында АҚШ пен оның одақтастарының жаңа жоспарын сәтсіздікке ұшыратты",- деді.

Аятолла Сейіт Ахмад Хатами АҚШ, сионистік режим мен Сауд әулеті режимінің өткен бірнеше күннің ішінде бүлікшілерге қолдау көрсету бойынша бір-бірімен бәсекеге түскеніне тоқталып: "АҚШ – жуырда Иранда орын алған бейберекеттіктерді жоспарлаушы, ал Сауд Арабиясы – оның қаржылай демеушісі",- деді.