Зариф ДАИШ пен Сауд Арабиясының Ирандағы бейберекеттіктер мен кісі өлімін қолдауына пікір білдірді
Иран Сыртқы істер министрі АҚШ президенті мен ДАИШ лаңкестік тобы және Сауд режимінің Ирандағы жуырдағы бейберекеттіктерді қолдауының таңданысқа себеп болғанын мәлімдеді.
Мохаммад Джавад Зариф жұма күні АҚШ президенті, ДАИШ лаңкестік тобы мен Сауд режимінің бір мезгілде Иранның жуырдағы бейберекеттіктерді қолдауына пікір білдіріп, Твиттердегі парақшасында: «Сауд Арабиясы мен ДАИШ лаңкестік тобы әдеттегі әріптестер ретінде Дональд Трамптың жеңісімен Ирандағы зорлық-зомбылық, кісі өлімі мен бүлдіргі әрекеттерді қолдады. Бұл таңданыс тудырды» деп жазды.
АҚШ президенті Дональд Трамп соңғы бірнеше күні Твиттердегі жазбаларымен Иранның ішкі істеріне араласып, бүлік тудырушыларға қолдау көрсетті.
«Associated Press» агенттігінің мәліметіне сәйкес, ДАИШ тобы өзінің «Ән-Наба» деп аталатын апталық газетінің жаңа нөмірінде өткен күндері Иранның бірқатар қаласында батыстық-арабтық-сионистік ағымға қарасты бүлікшілердің арандатушылық әрекеттерін Иран жүйесіне қарсы «революция» деп сипаттап, бүлік тудырушыларға қолдау көрсететіндіктерін жариялады.
ДАИШ батыстық-арабтық-сионистік жақтастарымен бірге бейберекеттіктердің жолдауын аса маңызды деп атап, оның жалғасуы қажеттігін қуаттады.