Иран 2025 жылға дейін жылына 20 миллион турист тартуды жоспарлап отыр
Қаң 18, 2018 21:28 Asia/Almaty
Иран мен ҚХР-ның достық ассоциациясының басшысы Иран үкіметінің 2025 жылға дейін жылына 20 миллион турист тартуды жоспарлап отырғанын хабарлады.
Иран мен ҚХР-ның достық ассоциациясының басшысы Ахад Мұхаммади Теһранда өткен "Иран мен ҚХР арасындағы туризм мен саудаға бағытталған қатынастарды дамытудың көкжиектері" атты бірінші халықаралық форумда: "Туризм экономиканың жақсы әлеуеттерінің бірі саналады. Туристер мәдени байлықты тасымалдаумен қоса, экономикалық дамуға де жеткізе алады. 1 миллиард 300 миллион халқы бар ҚХР – әлемнің екінші ең ірі экономикасы және әлем туризмін қалыптастырушы алып елдердің бірі ,- деді.
Тегтер