2017 жылы Иран мен Қытай арасындағы сауда айналымының құны 20 пайыздан артты
https://itolqyn.com/news/iran-i34031-2017_жылы_Иран_мен_Қытай_арасындағы_сауда_айналымының_құны_20_пайыздан_артты
ҚХР-ның Теһрандағы елшісі 2017 жылдың он бір ай мерзіміндегі Иран мен ҚХР арасындағы сауда айналымы құнының 33 миллиард 660 миллион долларға жеткенін айтып, бұл көрсеткіштің өткен жылғы ұқсас мерзіммен салыстырғанда 20,5 пайызға артқанын хабарлады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қаң 18, 2018 22:17 Asia/Almaty
  • 2017 жылы Иран мен Қытай арасындағы сауда айналымының құны 20 пайыздан артты

ҚХР-ның Теһрандағы елшісі 2017 жылдың он бір ай мерзіміндегі Иран мен ҚХР арасындағы сауда айналымы құнының 33 миллиард 660 миллион долларға жеткенін айтып, бұл көрсеткіштің өткен жылғы ұқсас мерзіммен салыстырғанда 20,5 пайызға артқанын хабарлады.

Панг Сен бейсенбі күні Теһранда өткен "Иран мен ҚХР арасындағы туризм мен саудаға бағытталған қатынастарды дамытудың көкжиектері" атты бірінші халықаралық форумда: "Екі елдің "Бір жол – бір белбеу" жобасы шеңберіндегі тасымал, мұнай, газ, мұнай-химия, металлургия, құрылыс және инфрақұрылым салаларындағы әріптестіктері даму үстінде",- деді.

ҚХР-ның Теһрандағы елшісі Иран мен ҚХР-дың адами өзара әрекеттестіктерінің де дамып, кеңейіп жатқанына тоқталып: "ҚХР-ның Теһрандағы елшілігі 2017 жылы 112 000 ирандық азамат үшін виза берді. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 8,8 пайызға артқан",- деп сөзін жалғады.

"Иран мен ҚХР арасындағы туризм мен саудаға бағытталған қатынастарды дамытудың көкжиектері" атты бірінші халықаралық форум ҚХР-ның Ирандағы елшілігі мен екі елдің достық ассоциациясының ұйымдастыруымен өткізілді.

Туризм мен сауда көрмесін ұйымдастыру, мақалалар жазу және суретке түсіруге шақыру және ең үздік суреттер көрмесін өткізу осы форум аясында ұйымдастырылған бағдарламаның келесі бөлімдерін құрды.