Джахангири: Иран Беларусьпен қарым-қатынасын кеңейтуге ешқандай шектеу қоймайды
https://itolqyn.com/news/iran-i34155
ИИР Вице-президенті сейсенбі күні Теһранда Беларусьтың Өнеркәсіп министрі Виталий Вовкпен кездесуінде ИИР-ның Беларусьпен қарым-қатынасын кеңейтуге ешқандай шектеу қоймайтынын қуаттады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қаң 23, 2018 21:24 Asia/Almaty
  • Джахангири: Иран Беларусьпен қарым-қатынасын кеңейтуге ешқандай шектеу қоймайды

ИИР Вице-президенті сейсенбі күні Теһранда Беларусьтың Өнеркәсіп министрі Виталий Вовкпен кездесуінде ИИР-ның Беларусьпен қарым-қатынасын кеңейтуге ешқандай шектеу қоймайтынын қуаттады.

Исхақ Джахангири  Батыстың әділетсіз санкциялары кезінде Беларусьтың Иранмен әріптестік жасағанына алғыс айтып: «"Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан кейінгі кезеңде Иранның достары, соның ішінде Беларусь Теһранмен әртүрлі салаларда әріптестік жасауға зор маңыз беріп келеді",-деді. ИИР Вице-президенті АҚШ-тың Иранға қарсы кеңістік тудырып, санкция салуға талпынып жатқанына тоқталып: "Вашингтон ешқашан Иранның басқа елдермен қарым-қатынасына сызат түсіре алмайды.

Қазіргі таңда Иранның басқа елдермен әріптестіктерін дамыту үшін жақсы халықаралық жағдай қалыптасқан",-деді.

Беларусьтың Өнеркәсіп министрі де осы кездесуде Минсктің Иранмен қарым-қатынасты кеңейтуге мүдделі екенін қуаттады.

Виталий Вовк Теһранда ирандық тараппен келіссөздер өткізіліп, жақсы келісімдерге қол қойылғанын айтып: "Беларусь пен Иран 2020 жылға дейін сауда айналымын дамыту мақсатында жол картасын дайындайды",-деді.

Беларусьтың Өнеркәсіп министрі, сондай-ақ, бұл елдің тамақ және мал шаруашылығы өнімдерін экспорттауға және Иранмен әртүрлі салаларда ынтымақтастық жасауға дайын екенін хабарлады.