Иран Америка вице-президентінің жалған әрі дұшпандық сөздеріне реакция білдірді
(last modified Wed, 24 Jan 2018 16:23:09 GMT )
Қаң 24, 2018 22:23 Asia/Almaty
  • Иран Америка вице-президентінің жалған әрі дұшпандық сөздеріне реакция білдірді

Иран Сыртқы Істер министрінің баспасөз хатшысы Иран халқының ұзақ уақыт бойы «америкалық достықтың" дәмін түрлі қастықтар мен әділетсіз әрекеттерден татқанын айтты.

Майк Пенс жексенбі күні Иорданияда сол елдің Сирияға жақын шекарасындағы базаларының бірінде орналасқан америкалық әскерилердің ортасында сөйлеген сөзінде: «Иран Таяу Шығыста ықпалға ие болып, аймақтағы Американың одақтастарына қатер төндіру үшін алпауыт елге айналуды мақсат етуде. Америка Иранға ядролық қару жасау бағдарламасын дамытуды жалғастыруға ешқашан рұқсат бермейді» деген уәж айтты.

Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы Баһрам Ғасеми бүгін, сәрсенбі күні Америка вице-президентінің жалған, әрі дұшпандықпен айтқан сөздеріне реакция білдіріп: «Америка вице-президентінің алдамшы әрі демагогтық сөздеріне қайшы ИИР ешқашан ядролық қаруға қол жеткізуді мақсат еткен жоқ, мақсат етпейді де. «Ортақ қадам» бағдарламасы америкалықтардың көп жылғы өтіріктерін әлем елдері мен қоғамдық пікірге дұрыстап әшкере етті. Америка басшыларының Парсы шығанағы мен Таяу Шығыстағы жасанды және жалған қоқан-лоққы қалыптастырудағы үздіксіз, бірақ нәтижесіз талпыныстары тек сионистік режимнің мақсаттарына жету үшін аймақта тұрақсыздық тудыруды, сонымен қатар, ислам елдерінің осы режимнің алдында бірігуіне тосқауыл қойып, аймақ елдеріне орасан қару-жарақ сату арқылы өздерінің заңсыз экономикалық мүдделерін қамтамасыз етуді көздеді» деді.