Сақшылар корпусының Иранның батысында ДАИШ лаңкестерімен болған қақтығыстың егжей-тегжейі баяндалды
https://itolqyn.com/news/iran-i34285
Иран Ислам революциясының Сақшылар корпусы құрлық күштерінің қолбасшысы осы революциялық органның Иранның батысында ДАИШ лаңкестік тобының мүшелерімен қақтығысының егжей-тегжейін баяндады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қаң 28, 2018 15:07 Asia/Almaty
  • Сақшылар корпусының Иранның батысында ДАИШ лаңкестерімен болған қақтығыстың егжей-тегжейі баяндалды

Иран Ислам революциясының Сақшылар корпусы құрлық күштерінің қолбасшысы осы революциялық органның Иранның батысында ДАИШ лаңкестік тобының мүшелерімен қақтығысының егжей-тегжейін баяндады.

Иран Ислам революциясының Сақшылар корпусы құрлық күштерінің қолбасшысы бригада генералы Мұхаммад Пакпур сенбі күні кешке Иранның 2-ші телеарнасына берген сұхбатында осы корпустың Наджаф гарнизонының Иранның батысында  ДАИШ тәкфирлік-лаңкестік тобының мүшелерімен қақтығысы жайында баяндап, амалда 16 лаңкестің қолға түсіп, бірнеше адамның өлтірілгенін айтты.

Бригада генералы Пакпур Ислам революциясы Сақшылар корпусының құрлық күштеріне қарасты Наджаф гарнизоны 3 сарбазының осы амалдар барысында шәһид болғанын, лаңкестердің Иранның әртүрлі қалаларында лаңкестік әрекеттер жасауды көздегенін мәлімдеді.