Иран мен Орталық Азия елдері арасында темір жол тасымалы артуда
(last modified Sun, 28 Jan 2018 15:36:01 GMT )
Қаң 28, 2018 21:36 Asia/Almaty
  • Иран мен Орталық Азия елдері арасында темір жол тасымалы артуда

Иранның солтүстік-шығысындағы Хоросан темір жолының бас директоры Мұхаммад Хади Зиаи бүгін жексенбі күні ИРНА-ға берген сұхбатында 2017 жылы Иранның солтүстік-шығысындағы Сарахс шекарасы арқылы Иран мен Орталық Азия елдері арасындағы темір жол тасымалының 2016 жылмен салыстырғанда 15 пайызға артқанын мәлімдеп:

"2017 жылы Иранның солтүстік-шығысындағы Түркіменстан шекарасындағы Сарахс темір жолы арқылы 2 000 012 тонна тауар тасымалданды. Бұл мөлшердің 1 300 000 тоннасы транзиттік тауар болды. 2016 жылмен салыстырғанда транзит мөлшері 50 пайызға артты. Иранның Түркіменстанмен арадағы Сарахс шекарасының темір жолы арқылы бүкіл тауардың 45 пайызы тасымалданып, қалғаны Түркіменстан арқылы Орталық Азияның  басқа елдеріне жөнелтілді» деді.