Теһранның прокуроры: Электр және атом өнеркәсібіне тыңшылық жасаған айыпкер 10 жылға сотталды
https://itolqyn.com/news/iran-i34333
Теһранның қоғамдық және революция прокуроры тыңшылық жасады деп айыпталушының 10 жылға бас бостандығынан айрылғанын хабарлады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қаң 29, 2018 18:42 Asia/Almaty
  • Теһранның прокуроры: Электр және атом өнеркәсібіне тыңшылық жасаған айыпкер 10 жылға сотталды

Теһранның қоғамдық және революция прокуроры тыңшылық жасады деп айыпталушының 10 жылға бас бостандығынан айрылғанын хабарлады.

Иран Телерадио ұйымының мәліметі бойынша, Теһранның қоғамдық және революция прокуроры Аббас Джафари Доулат Абади дүйсенбі күні Теһран Прокуротурасы орынбасарлары кеңесінің 25-ші отырысында сөйлеген сөзінде: «Айыпталушы бөгде барлау жүйелерімен байланыс орнатып, сионистік режимнің тыңшылық саласындағы офицерлерімен кемінде 14 рет кездесіп, Иранның электр және ядролық өнеркәсібіне қатысты мәліметтерді бөгде елдің тыңшылық қызметінің ықтиярына тапсырған. Тыңшы 140 000 еуро ақша алу үшін мәліметтерді сату әрекетіне барғандықтан, 10 жылға сотталды» деді.