2017 жылы Иран мен Қытайдың сауда айналымы 19 пайызға артты
Қаң 30, 2018 22:39 Asia/Almaty
Қытайдың Ирандағы елшісі екі елдің 2017 жылы сауда айналымының 19 пайызға артқанын хабарлады.
Қытайдың Ирандағы елшісі Пан Сэн Теһранда «Иран мен Қытайдың сауда жəне инвестициялық мүмкіндіктері» атты үшінші форумда сөйлеген сөзінде екі елдің 2017 жылғы сауда айналымының 37 млрд 107 млн долларға жеткенін, бұл көрсеткіштің 2016 жылмен салыстырғанда 19 пайызға артқанын айтып: "2018 жылдың қараша айында Теһранда өтетін Қытайдың "Шанхай импорты" көрмесі Иран үшін осы елдің нарығындағы өз үлесін арттыруы үшін қолайлы мүмкіндік болады",-деді.
Тегтер