Қытайдың қуат көздерінің 8 пайызы Иран арқылы қамтамасыз етіледі
Иранның Инвестиция және экономикалық-техникалық көмектер ұйымының басшысы Қытайдың қуат көздері мен мұнай-газ өнімдерінің 8 пайыздан астамының Иран арқылы қамтамасыз етілетінін айтты.
Иранның Инвестиция және экономикалық-техникалық көмектер ұйымының басшысы Мұхаммад Хазаи сейсенбі күні Теһранда «Иран мен Қытайдың сауда жəне инвестициялық мүмкіндіктері» атты үшінші форумда сөйлеген сөзінде: "Жыл сайын Иранның құны 11 млрд долларды құрайтын мұнайы Қытайға экспортталады. Иранның шикі мұнайын Қытайға сату көлемі соңғы онжылдықта ең жоғары деңгейге жетті. Иранның Қытаймен саудасының 2017 жылғы импорты мен экспортын қосқандағыжалпы көлемі шамамен 22 пайызға өсті. Иран мен бір қытайлық қаржы институты арасында құны 10 млрд долларды құрайтын алғашқы ірі қаржы келісіміне қол қойылды",-деді.
Хазаи Иран мен Қытайдың байланысын кеңейтудің екі елдің де мүддесіне сай келетінін айтып, ИИР-ның Қытаймен екіжақты және аймақтық деңгейде саясат, экономика мен инвестиция салаларында әріптестік жасауды толығымен қолдайтынын мәлімдеп:
"Қытай мен Иран тарихи және стратегиялық серіктестер саналады. Қытай Президенті соңғы жылдары Иранға сапар шеккен басшылардың бірі болды. Екі елдің қарым-қатынасы күн сайын дамып келеді",-деді.