Бүгін хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.)-ның шәһид болған күнінің жылдығы
Бүгін, сәрсенбі хиджри қамари күнтізбесі бойынша 1439 жылдың джамади аууал айының 13, сәйкесінше 2018 жылдың қаңтар айының 31 – рауаят бойынша, исламның ұлық пайғамбарының қызы және имам Әли (ғ.с.) өмірлік серігі хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.)-ның шәһид болған күнінің жылдығы.
Исламның ұлық пайғамбарының пәк әулетінің жақтастары мешіттер мен басқа да діни мекендерде, сондай-ақ Иранның солтүстік-шығысындағы қасиетті Мешхед қаласындағы имам Реза (ғ.с.)-ның және Құм қаласындағы хазірет Масуменің кесенесінде жиналып, Алла елшісінің қадірлі қызының шәһид болуына қатысты аза рәсімдеріне қатысуда.
Хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.) 18 жасында сол кездегі басшылардан көптеген зұлымдық көріп, әкесі хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.)-ның дүние салуына төзе алмай, хиджри қамари жыл санағы бойынша 11 жылы шәһид болды.
ИИР Телерадио бірлестігінің ақпарат агенттігі әлемнің барша мұсылмандарына хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.)-ның шәһид болған күнінің жылдығына байланысты көңіл айтады.